Үкімет негізгі азық-түлік бағасының өсуін тоқтата алды: соңғы 7 аптада ол 0,1% болды
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ішкі сауданы дамыту тақырыбында брифинг өтті. Брифингке ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев және Сауда комитеті төрағасының м.а. Айдар Әбілдабеков қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шакқалиев баяндама жасап, сауда Қазақстанның ЖІӨ құрылымында екінші орында тұрғанын атап өтті (16,8 %). Бұл ретте сала 1,5 млн-нан астам адамды (жұмыспен қамтылған халықтың 16,8%) жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік әсер бойынша сала 1-орынды алатынын хабарлады.
Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес фермерлерде кеш және ерте көкөністерді белгіленген бағамен ішкі нарыққа жеткізудің орнатылған көлемін алдын ала келісімшарт жасауды көздейтін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдер мен тетіктер енгізілді.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалыптастырылған көлемі нарыққа тек маусымаралық кезеңдерде шығарылады және бақылау-кассалық машиналарды қолданатын ӘКК серіктестері-сауда нүктелері арқылы сатылады.
Қалыптастырылған қорларды сату үшін индикативті бөлшек бағалар есептелген, бұл басқарылатын баға дәлізі шеңберінде ӘМАТ ұстауға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, ағымдағы маусымаралық кезеңде 139,5 мың тонна өнім қалыптастырылды, оның ішінде бүгінде 62,1 мың тонна, оның ішінде картоп 29,7 мың тонна, сәбіз 11,7 мың тонна, пияз 11,9 мың тонна, қырыққабат 8,7 мың тонна сатылды.
Нәтижесінде Үкімет негізгі азық-түлік бағасының өсуін тоқтата алды: соңғы 7 аптада ол 0,1% – дан аспады және жыл басынан бері 3,5% құрады, дегенмен соңғы 5 жылда ұқсас кезеңдегі өсім орта есеппен 6,4% болды. Бұл ретте жылдық мәнде 2023 жылғы сәуірде азық-түлік инфляциясы ағымдағы жылғы ақпандағы 26,2% – ға қарағанда 17,9% құрап, 8,3% – ға төмендеді.
ӘМАТ тауар балансын бақылау мақсатында мониторинг жүйесі құрылды, бүгінгі таңда бұл құрал ішкі нарықты қорғау бойынша уақтылы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Өндірістен сатылымға дейінгі барлық баға тізбегін зерттей отырып, министрлік делдалдардың санын азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен, 1389 жеткізу тізбегіне жүргізілген талдау 389 жағдайда бұзушылықтар бар екенін көрсетті.
Министрлік сауда саласындағы заңнамалық реформалар бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Сауда базарлары мен ірі сауда объектілері үшін жаңа қағидалар белгіленді, алғаш рет елімізде өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін ӘМАТ-тың ең төменгі көтерме бағасын белгілеу арқылы импорттық өнімнің демпингісінен отандық өндірушілерді қорғау тетігі енгізілді. Сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылаудың бірыңғай тетігінің нақты алгоритмі жазылған, сауда базарлары мен ірі сауда объектілерін (ауданы 2000 шаршы метрден астам) цифрландыру жолымен ақпараттық жүйені құру көзделген.
Ұсынылып отырған өзгерістер сауда нарықтары қызметінің ашықтығын күшейтуге, шағын бизнесті базар иелері тарапынан негізсіз араласудан және қысымнан қорғауды қамтамасыз етуге, халыққа баға жүктемесін қысқарту мақсатында артық делдалдық буындарды жоюға бағытталған.