Алматының орталығындағы кафенің жазғы террасасы сот шешімі бойынша бұзылады
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында Төле би, 24 б мекенжайда орналасқан «Lova Kitchen» кафесінің жанынан салынып жатқан қосалқы нысанның заңдылығына қатысты сұрақ қойылған еді.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның барысында жазғы терраса заңсыз салынған қосалқы нысанда орналасқандығы анықталды. Сонымен қатар, террассаны салу кезінде мемлекеттік қордағы тротуардың бір бөлігі алынған, деп мәлімдейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесін ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321, 323-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, «Қамқор-Орталық» ЖШС-не қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін материалды сотқа жібере отырып, ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша шаралар қабылданды.
ӘҚБІжМАС-тың 27.12.2022 жылғы қаулысымен «Қамқор-Центр» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және заңсыз тұрғызылған құрылыс мәжбүрлі түрде сүріліп, әкімшілік айыппұл өндірілді. Меншік иесі бұл шешімге наразылық білдірді, алайда Алматы қалалық сотының қаулысымен ӘҚБІжМАС-тың қаулысы өзгеріссіз қалды.
Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз тұрғызылған нысанды сүру басталды.