Докторлық дәрежені «ҚазжолҒЗИ» АҚ және «Жолкөлік» Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өкілдері алды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
2023 жылдың наурыз айында халықаралық білім беру корпорациясының базасында «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша алғаш рет PhD докторы дипломдары табыс етілді. Ғылыми дәреже Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының вице-президенті Айдос Елшібаевқа және «Жолкөлік» Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институты мансап орталығы директорының орынбасары Дәурен Есентайға берілді.
Айдос Елшібаев «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Жас ғалым, «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті өзінің ғылыми жұмысында асфальтбетондар мен полимерасфальтбетондардың төмен температуралық сипаттамалары (беріктігі, бұзылу деформациясы, климаттық кернеу) тақырыбын зерттеді.
Осылайша, республика бойынша тарихта алғаш рет көлік құрылысы мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді.