EducationБасты

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов жазды.
«Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында.
Оқушылар таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, әйелдер күресі және регби сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берді. Оқушылар арасындағы Дүниежүзілік спорттық олимпиада Францияның Нормандия қаласында өткен болатын.
Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты.
Оқушыларымызды әлемдік олимпиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймын. Әрине, бұл жүлделер – дайындықтың, табандылықтың, еңбектің, тәртіп пен талпыныстың жемісі. Әуежайда сіздерге үлкен үміт артып, шығарып салған едік және сіздер оны ақтай білдіңіздер.
Ұстаздарыңызға, жаттықтырушыларыңыз бен ата-аналарыңызға алғыс айтамын.
Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмыстарын жалғастырады», делінген министр жазбасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button