Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Министрліктің баспасөз хатшысы болып Ерхан Таткен тағайындалды.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ерхан Таткен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Павлодар облыстық филиалында редактор-жүргізуші қызметінен бастаған. Одан кейін «Хабар» агенттігінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар, ҚР Қоғамдық даму министрліктерінде жұмыс істеді. Ал 2020 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде баспасөз хатшы болып қызмет атқарды.