Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің түрлі аспектілерін талқылады. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілдері толатынын айтты. Сондай-ақ білім беру, цифрландыру, энергетика және басқа да салалардағы ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
– Білім беру саласындағы келісім – өте маңызды. МФТИ және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті сияқты Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарында мамандар даярлауға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан Президентін келесі жылдың басында Ресейге сапармен келуге шақырды.