PoliticsБасты

Президент ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді

Қазақстан Президенті ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді. Бұл туралы Берік Уәли хабарлады.
«Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ.
Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр», деп жазған ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button