Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерді орынсыз тексеруді азайтпай отыр. Статистикаға қарасақ, кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту саны 2015 жылмен (235 мың) салыстырғанда 2019 жылы (500 мыңнан аса) екі есе дерлік артқан. Бұл әрбір үшінші бизнесмен әкімшілік жауапқа тартылады деген сөз.