Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ын баспана мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті
Биылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға 115 608 өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді. Отырыстың күн тәртібінде биылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы мәселелері талқыланды.