EducationБасты

Қазақстанның жоғары оқу орындарында балық шаруашылығын оқыту жоспарлануда

Бүгін Үкіметте басшысы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығының даму бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Министрдің сөзінше, балық шаруашылығын табысты дамытуға негізгі 4 фактор әсер етеді. Олар – заңнаманы жетілдіру, сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз ету, балық жемі өндірісін жолға қою және кадрлық қамтамасыз ету.

Саланы маманмен қамту мақсатында 10 жыл ішінде Қазақстанның жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарында, сондай-ақ арнайы білім беру мекемелерінде 4 мың адам тиісті білім алады.

«Ол үшін білім беру гранттарын 40-тан 400-ге жеткізу керек»,-деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button