Басты

«Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Қатысушылардың көптеген өтініштері бойынша «Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылғы 5 қараша сағат 18:00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Jana-kezen.kz хабарлайды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп 2 қазанда «Үркер — 2020» Ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктерді бағалау үшін және журналистиканың беделін арттыруға, кәсіби стандарттарды бекітуге бағытталған.

Бәйгенің қатысушылары қатарына контентті өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар енеді.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

– жұмыстар 2019 жылғы 01 қаңтар мен 2020 жылғы 01 қараша аралығында жариялануы тиіс;

– жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.

«Үркер — 2020» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн-форматта 2020 жылғы 13 қарашада өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button