FinanceБасты

Қаржы реттеушісі төрт банктің жарнама хабарларында бұзушылықтарды анықтады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ағымдағы жылғы қыркүйекте жарнама материалдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша төрт коммерциялық банкке қатысты шаралар қабылдады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz агенттікке сілтеме жасап.

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Центр Кредит Банкі» АҚ – банктік қызметтер туралы жарнамада банк лицензиясының нөмірін және лицензияны берген органның атауын көрсетпеген. ЕДБ-ға қатысты қадағалап ден қою сипатындағы ұсынымдық шаралар қолданылды;
  • «Альфа-Банк» АҚ ЕБ – сыйақы мөлшерлемесін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде көрсету бойынша міндеттемені орындамаған, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
  • «Сбербанк» АҚ ЕБ – жариялау күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнама материалын орналастырды. Банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Агенттік қаржы институттары ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде мониторинг жүргізді. Сонымен бірге жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер есепке алынды. Бұдан басқа, сайттар, әлеуметтік желілер және банктердің мобильдік қосымшалары тексерілді, теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жазбалар қадағалап тексерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button