Премьер-Министр ветеринария мамандығына білім гранттарын көбейтуді тапсырды
Ауыл шаруашылығы саласына кадрларды даярлауды жетілдіру керек. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Үкімет басшысының пайымынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиімді бақылауды ұйымдастыру үшін ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау ұлттық жүйесін дамыту қажет.
«Тиісті ақпараттық базаны жетілдіру және оны жаңарту процестерін автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын 100 пайыз сәйкестендіруді қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп, салаға қажетті кадрларды даярлауды жетілдіру және түлектердің кейіннен ауылда жұмыс істеу шартымен ветеринариялық және фитосанитариялық қызмет мамандықтарына бөлінетін гранттарды көбейту мәселесін пысықтасын», – деді Асқар Мамин.