Басты

4 қазан күні Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді

Жексенбі, 4 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, 4 қазанда автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады.

Айта кетейік, сенбі, 3 қазан және дүйсенбі, 5 қазанда қалалық және қаламаңы автобустары штаттық режимде қатынайды.

Қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керектігін еске саламыз. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button