TechБасты

iPhone қорабында құлаққаптар болмайды – БАҚ

IOS 14.2 операциялық жүйесінің коды жаңа iPhone-дардың қорабында құлаққаптар болмайтынын растады. Бұл туралы MacRumors порталы мәлімдеді, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

IOS 14 және одан жоғары нұсқаларында смартфон қорабында «бірге болатын құлаққаптар» арқылы радиожиілік энергиясының әсерін азайту туралы айтылады. 14.2 нұсқасында «бірге болатын» деген тіркес алынып тасталған. Бұл Apple компаниясының жаңа iPhone-дарда аксессуарды алып тастауға дайын екені туралы қауесетті растайды.

2020 жылдың мамырында Купертинодағы корпорацияның бұл шешімі туралы алғаш болып атақты аналитик Мин-Чи Куо айтқан. Ол, сонымен қатар, Apple-дің жаңа құрылғыларында қуаттағыш блок болмайтынын хабарлаған, бұл жаңа iPad-тың тұсаукесерінде расталған болатын.

IPhone 12 смартфондары биыл шығады, бірақ уақыты шегеріліп жатыр. Олар қыркүйекте өткен дәстүрлі шарада көрсетілмеді, енді жаңа гаджет туралы ақпарат қазанның басында белгілі болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button