Басты

Қазақстан үздік әлем елдерінің рейтингінде 66-орынды иеленді

Қазақстанды үздік әлем елдерінің рейтингінде Әзербайжан мен Гватемала басып озды, деп хабарлайды, Jana-kezen.kz

Мұндай зерттеуді ranking.kz сайты жүргізе отырып, үздік әлем елдерінің рейтингін жариялады.

Көш басында Швейцария елі тұр. Ал топ бестікті бастап тұрған Канада, Жапония, Германия және Аустралия. Ал дамыған он елдің қатарына Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды мен Норвегияны қосуға болады.

Рейтинг тоғыз көрсеткіш негізінде жасалды:

* кәсіпкерлікті дамыту;

* туристер арасындағы танымалдылық;

* өз азаматтарына деген қарым-қатынасы (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік);

* мәдени ықпалдылық;

* тарихи мұра;

* даму әлеуеті;

* бизнес үшін ашықтық;

* әскери күш;

* өмір сапасы.

Қазақстан екі сатыға ғана көтеріліп, Гватемаладан кейінгі  65-ші және Гананың алдында 67-ші орынға ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан Ресей (23 орын) мен Әзірбайжанға (61 орын) жол берді.

Айта кетейік, Қазақстан 7-ші саты бойынша өмір сүру көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан. Дегенмен алдыңғы рейтингке қарағанда, еліміз жағдайын көңіл көншітетіндей жақсарта қоймады десек те болады. Сондай-ақ еліміз әскери күштер – 36, даму әлеуеті – 42 және бизнес үшін ашықтық бойынша 65 орындарды қанағат тұтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button