Басты

Тұман, бұршақ: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

31 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қызылорда қ.: 31 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан: 31 шілдеде найзағай күтіледі

Көкшетау қ.: 31 шілдеде найзағай күтіледі.

31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: түнде 31 шілдеде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс-Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстікте қатты ыстық 37 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button