EducationБасты

Алматыда оқушыларға тыйым салынған өнімдерден тағам дайындаған мектептер анықталды

Алматы мектептерінде оқушыларға сапасы сын көтермейтін ас беріп келген. Мұны мамандар арнайы мониторинг жүргізу барысында анықтады, деп хабарлайды КТК.

Бүгінде қаладағы мектептердің 245-інде асхана болса, соның 53 пайызында өрескел заң бұзушылықтар әшкере болды. Нақтырақ айтсақ, асхананы жалға алушылар тағам дайындау үшін талапқа сай келмейтін азық-түлік пайдаланыпты. Тамақ пісіру технологиясы мүлдем ұмыт қалыпты. Аспаздар санитарлық талапты ескермеген. Ең сорақысы, алдын ала дайындалған асты ұл-қыздарға қайта жылытып берген асханалар да бар екен. Ал бес мектепте мүлдем тыйым салынған өнімдерден тағам дайындалып, еш кедергісіз оқушыларға ұсынылыпты. Ережені өрескел бұзып, балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндірген кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылды.

«Жалға алып отырған 22 субьектіге 1,6 миллион айыппұл салынды. 22 ұйғарым берілді. Ал үш жалға берушілермен білім беру басқармасы жалға беру шартын жойды», – дейді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button