Tech

ТМД елдері делегацияларының басшыларына қазақстандық IT-шешімдер ұсынылды

МӘС ТМД аймағы бойынша Өңірлік даму форумы аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ТМД елдері делегацияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесуде тараптар телекоммуникацияны дамыту және үйлестіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Форум аясында қонақтарға қазақстандық IT-шешімдер ұсынылды, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Форум барысында Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқаликов жеке деректерді қорғау тақырыбына арналған панельдік сессияда сөз сөйлеп, киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның заңнамалық қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, ол Комитеттің киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау бойынша 2024 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Жоғары деңгейдегі панельдік пікірталас барысында спикерлер жалпы аймақтың және жекелеген елдердің алдында тұрған міндеттерді, сондай-ақ цифрлық даму мен трансформацияға байланысты мүмкіндіктерді талқылады. Басты назар ТМД аймағындағы елдерге және аймақтың цифрлық технологиялар арқылы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қалай жеделдетуге болатынына аударылды.

Айта кеткен жөн, Астанада 2024 жылғы 26-27 наурызда Астанада ТМД өңіріндегі даму мәселелері жөнінде ХЭО өңірлік форумы өтті. Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ХЭО электр байланысын дамыту бюросының директоры Космас Лакисон Завазава, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, Байланыс саласындағы аймақтық серктестік (БАС) бас директоры Алексей Бородин, ХЭО мүше мемлекеттердің өкілдері және т.б. қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button