Eco

Елімізде энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындап шықты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Аталған тұжырымдаманың көмегімен отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың көлемін азайту мен оны тиімді пайдалануды жолға қою арқылы Қазақстанның ІЖӨ-де энергия сыйымдылығын төмендету көзделген.

Бұл бастаманы іске асырудың нәтижесінде өнеркәсіптің басым секторларында өнім өндірудегі энергия ресурстарының шығыны төмендеп, бюджеттік секторда, ТКШ-да және көлік секторында энергия тұтыну мөлшері біршама азаяды деп болжанып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button