ӘлемБасты

Алматы – Эль-Кувейт бағытындағы рейстердің саны артады

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясының Алматы – Эль-Кувейт бағытындағы тұрақты рейстерінің саны артып, енді аптасына 2 емес, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 3 рейс орындалады.    

Бұл шешім Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қабылданды.  

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button