PoliticsБасты

Сот Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты

Нұр-Сұлтан соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзартты. Бұрынғы денсаулық сақтау министріне билікті асыра пайдаланып, санавиация ұшағын заңсыз пайдаланды деген айып тағылды.

Прокурорлардың мәліметінше, 14 шілдеде Біртановқа қатысты шектеу шаралары аяқталады. Алайда оның кінәсі немесе кінәсіздігі әлі дәлелденген жоқ. Сондай-ақ, бірнеше күн бұрын соталды тергеу аяқталған болатын, ал қылмыстық іс материалдары жәбірленуші тарапқа – Денсаулық сақтау министрлігіне танысу үшін берілді. Содан кейін олар Біртанов пен оның қорғаушыларына беріледі. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы экс-министрге үй қамауын ұзарту туралы өтініш білдірді.

Тараптардың пікірін тыңдаған сот прокурордың өтінішін қанағаттандырып, Біртановқа қатысты шектеу шараларын 2021 жылғы 14 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бірақ, айта кетейік Біртановтың қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев осы жағдай бойынша жауап берген еді. Оның айтуынша, экс министр 2020 жылдың 12-13 маусымында жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болған. Адвокат ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, Біртанов Нұр-Сұлтанға Үкімет мүшелерімен бірге бір ұшақпен қайта алмағанын жеткізді. «Сондықтан оны санавиация көлігімен жеткізу елде қалыптасқан төтенше жағдай кезіндегі мәжбүрлі шара болды», – деді Бейсекеев.

Кейін Біртановтан екіжақты пневмония түріндегі аурудың асқынуы анықталды. Науқастың жағдайы нашарлауына байланысты елордадағы Ұлттық кардиоорталыққа жеткізілді. Ол 2020 жылдың 23 маусымына дейін осы мекемеде ем қабылдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button