Басты

Қазақстан билігі депуттар алдында есеп беруге дайындалуда

 

Есеп барысында ел бюджетіне түсетін қаражат пен оның игерілуі жайлы мәлімметер айтылады.

Қазақстан билігінің өкілдері 22 маусым күні депутатар алдында 2019 жылы бюджет қаражатының игерілуі жайлы есеп береді.

Бұл туралы палатаның жалпы отырысында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

Ауылдық жерлерде Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету туралы заң жобасын талқылау барысында Нығматулин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш индустриясы министрі Асқар Жұмағалиевке ауылдардағы Интернетке қол жеткізудің қаншалықты қымбатқа түсетінін сұрады.

Министр агенттік бұл желіні ауылдарда жүргізудің бірнеше жолын ұсынады, сондықтан жұмыс ел бюджетіне қымбат түспейді деп сендірді.

«22 маусымда біз үкіметтің есебін жоспарлап отырмыз, содан кейін көреміз», – деді Мәжіліс спикері.

 

Айта кетейік, мұндай үкіметтің депутаттар алдында есеп беруі жыл сайын өткізіліп тұрады.

Министрлер кабинеті мен Есеп комитетінің мүшелері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді. Кейін құжат Сенатта қаралғалады, артынша  оны қабылдау немесе қабылдамау туралы парламент палаталардың бірлескен отырысында шешеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button