«5 сәуірден бастап SCAT әуе компаниясы Шымкенттен Ыстанбұлға рейстерді қайта бастайды. Осы бағыт бойынша ұшулар әр дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737-мен орындалатын болады» делінген аталған компания таратқан ақпаратта.
Рейстерде Қазақстан қалаларымен ыңғайлы тоғысулар қарастырылған. Рейске тіркелу кезінде саяхатшының толтырылған сауалнамасының басып шығарылған немесе электронды түрде болуы міндетті.