FinanceБасты

Қазақстанда халықтың кедейлік деңгейі өсті

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың 4-тоқсанындағы Қазақстан халқының табысы мен шығыстары бойынша статистиканы ұсынды.

2020 жылғы 4-тоқсанда үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,6% құрады. Бұл, 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,8 пайызға көп.

2020 жылғы 4-тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында тіркелген. Ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%).

Сонымен қатар, халық шығыны бойынша келесі статистика ұсынылған:

Азық-түлікке

– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 15 978 теңге;

– халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы – 75 535 теңге жұмсаған.

Азық-түлік емес тауарларға

– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 5 449 теңге;

– халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы – 43 539 теңге жұмсаған.

Ақылы қызметтерге

– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 4 148 теңге;

– халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы – 22 718 теңге жұмсаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button