FinanceБасты

Доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 ақпан кешімен салыстырғанда 0,97 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 416,87 теңге болған.

Ұлттық банктің 22 ақпандағы ресми бағамы: 1 доллар – 417,97 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 416,37 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 417,89 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 415,84 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 417,06 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button