Басты

Қарағанды облысында балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру басталады

Қарағанды облысында биыл су қоймаларын паспорттау басталып, оларды балықтандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғастырылатын болады. Он жылға есептелген балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыру 2021 жылы басталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Jana-kezen.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі балық саласын дамыту әлеуеті онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте талқыланды.

– Облыста жергілікті маңызы бар 127 және Республикалық маңызы бар үш балық шаруашылық су айдыны бар. 49 табиғат пайдаланушыға жергілікті маңызы бар 67 су қоймасы бекітілген, қалған 60-ы резервтік қорға кіреді. Біздің өңірде балықтың 32 түрі бар, олардың 11-і кәсіпшілік құндылыққа ие, – деп хабарлады Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Тазабеков.

Ол биыл өзендер мен көлдерге 19,6 миллион тұқы балаңқұртя шығарылғанын айтты. Шабақтарды жеткізумен жергілікті кәсіпорын – «Қарағанды балық тәлімбағы» айналысады.

Ірі өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың бірі «Балқашбалық» фирмасы болып табылады. Оның өнімдері жақын және алыс шетелдерге экспортталады.

Келесі жылы облыстық бюджетте балық аулауға және резервтік су қоймаларын паспорттауға қаражат қарастырылды.

2030 жылға қарай тауарлы балықты жасанды өсіруді 15 мың тоннаға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ол үшін өңірде балық өсіру шаруашылықтарының санын арттыру қажет.

Балық өндірісін мемлекеттік қолдау туралы Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов айтып берді. 2020 жылы Қарағанды балық тәлімбағы жемшөп құнын төмендетуге 30,4 млн теңге субсидия алды.

Келесі жылы субсидиялау сомасы ұлғайтылады. Тұқы, бекіре және арқан балық өндірісіне қолдау көрсетіледі.

Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары – жабдықтар сатып алуға, шаруашылықтарды кеңейтуге және жаңаларын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Сағынжан Апақашов.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек балық шаруашылығын дамыту жөнінде тапсырма берді. Өңір басшысы осы шаруашылықтағы басқа салалардың оң тәжірибесін қолдануды қажет деп санайды. Салалық кооперацияны ынталандыру қажет. Браконьерлікпен күресті күшейту керек. Табиғат пайдаланушыларға резервтік су айдындарын бекітіп беру жалғастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button