Басты

Атырау облысында коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің бағалары төмендеді

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен коронавирусты емдеу кезінде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектердің бағасын 20 %-ға дейін төмендету бойынша шаралар қабылданды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

2020 жылдың 24 желтоқсанында «Семейное здоровье» және «Социальная аптека» дәріханалық желілерімен монополияға қарсы комплаенстер жасақталды.

Монополияға қарсы комплаенс ашық сауда-өткізу саясатын көздейді және монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар жөнінде ескерту және алдын алу бойынша тиімді құрал болып табылады.

Нәтижесінде жергілікті тұрғындардың ковидке қарсы дәрмектердің бір қатарын дәрілік заттарға бекітілген шекті бағалардан төмен бағада сатып алуға мүмкіндіктері болады.

Қол қою рәсімі Атырау облысындағы медициналық бетперделерді өндіру бойынша жаңа зауыт аймағында өтті. Өңіріміздегі жаңа өндіріс орнының ашылуына және бәсекелестіктің дамуына орай медициналық бетперделердің бөлшек саудада өткізу бағаларын әрі қарай төмендетуді қамтамасыз ету жоспарымызда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button