Басты

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар Нұр-Сұлтан мен Ашхабадтың көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген өзара ниетін растады.

Оған қоса халықаралық және өңірлік ұйымдардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Министрлер алдағы 2021 жылға бірлескен жұмыстың жоспарын мен перспективаларын белгіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button