ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады.Бұл туралы Jana-kezen.kz Премьер-Министрдің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстанның экономикасы қуатты тәуелсіз ел болып қалыптасуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Оған Тәуелсіздік жылдары Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың тиімді жүзеге асырылуы негіз болды. Елбасы мұрындық болған Қазақстанның стратегиялық даму бағыты экономикамыздың бұдан кейінгі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыс, татулық пен игілік тілеймін!», – деді Асқар Мамин.