Қызылордада смартфонға арналған оффлайн форматта жұмыс жасайтын аудиогид қосымшасы құрастырылды. Аудиогид өңірде орналасқан 30 тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәліметті 3 тілде (қазақ,орыс,ағылшын) алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Әлемдік туризм саласында аудиогид, оффлайн карта, оффлайн гид түсініктері кеңінен таралған. Ал аймақта мұндай форматтағы жұмыстар енді жүргізілуде. Бұл өңірдің туристік әлеуетін жандандыруда ақпараттық технологиялардың озық үлгілерін пайдалану тиімді екенін байқауға болады»,-деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы Ағжан Карбозова.
Сондай-ақ, студент-жастардың инновациялық жобаларын іске асыру мақсатында 29 бизнес-жоба жүзеге асырылды. Жоба аясында 14 шағын кәсіпкерлік субьектісі ашылды.