Басты

Жасотандықтар Қарағандыдағы студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізді

Jas Otan студенттердің өмір сапасын жақсарту үшін жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жатақханаларына тұрақты мониторинг жүргізеді. Қарағанды облысында жасотандықтар медуниверситеттің, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің және экономикалық университетінің студенттік жатақханаларының жағдайын тексерді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

– Қарағанды облысында 54 студенттік жатақхана бар. Алдағы рейд туралы біз барлық оқу орындарының басшыларын алдын ала хабардар еттік. Біз жатақханалардың жай-күйімен танысып, жастардың қалай өмір сүріп жатқанын көрдік, студенттерді қандай сұрақтар мазалайтыны туралы сұрадық. Мониторинг нәтижелері бойынша білім беру мекемелерінің басшыларына жағдай туралы баяндалды, – дейді Jas Otan Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов.

Мониторинг тобы алдымен медициналық университеттің жатақханаларына барды. Оларда тұру шарттары жақсы. Бақылау камералары, кір жуатын орындар, шкафтар мен дәретханалар бар. Жатақхана 400 орынға есептелген, бірақ Қашықтан оқытуға байланысты қазіргі уақытта онда 216 студент тұрады.

Сондай-ақ жасотандықтар Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің екі жатақханасында және Қазтұтынуодағы Экономикалық университетінің жатақханасында болды. Мониторингтік топ облыстың барлық студенттік жатақханаларын тексеруді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button