Биыл Қызылорда өңірінде суармалы су тапшылығы бұрынғыдан да өткір болып отыр. Бірақ, суармалы суды тиімді пайдаланудың арқасында уақтылы қабылданған шаралар залалды азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, облыс аграрийлері ағымдағы жылы жақсы өнім жинап қана қоймай, күріштің шығымдылығы мен жалпы түсімі бойынша рекорд орнатты, орташа есеппен 1 гектардан 61,8 центнерден күріш жинап, осылайша, ел қоймасына 551 мың тонна күріш салды.
Салыстыру үшін, 2019 жылы Қызылорда облысының аграрийлері 1 гектарданорта есеппен 60,3 центнерден күріш жинап, күріш дәнінің жалпы өнімін 530,5 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.