Басты

Маңғыстау облысының әкімі АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісін қабылдады

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозерді қабылдады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Екіжақты кездесуде қауіпсіздік пен мұнай секторындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Елші Маңғыстау облысының туристік және бизнес әлеуетіне жоғары баға беріп, АҚШ дипломатиялық миссиясы қолдаған жобалардың оң нәтижелеріне ризашылығын білдірді.

«Өте керемет, ерекше әсер алдым. Менің ойымша, сіздерде туризм бағыты бойынша үлкен әлеует бар. Шынында да тартымды, таңғажайып жерлер бар екен. Америкаға көптеген туристер Еуропадан осындай табиғи сұлулықты көру үшін келеді. Менің ойымша, сізде туристер үшін осындай жерлерді дамыту қажет», – деді У.Мозер.

Бүгінде Маңғыстау облысында Түркия, Ресей, Қытай, Италия, Германия, соның ішінде АҚШ-тың ірі шетелдік инвесторлары өз қызметін жүзеге асыруда. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Маңғыстау облысының Америка Құрама Штаттарымен тауар айналымы 5 673 060 АҚШ долларын құрады. Осы кезеңде Америкадан 5 671 620 АҚШ долларына тауарлар импортталды. Олардың ішінде ет және тағамдық қоспалар, мұнай және мұнай өнімдері бар.

Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында американдық капиталдың қатысуымен 7 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Оның ішіне мұнай және банк секторлары кіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button