SocialБасты

Ұлан-Батырда Абай мен әл-Фарабидің мерейтойларына арналған кітаптар мен фотокөрме өтуде

2020 жылдың 12-20 қазан аралығында Д. Нацагдорж атындағы Ұлан-Батыр қаласының Орталық кітапханасында Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және көрнекті философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған кітап және фотоматериалдар көрмесі өткізілуде, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Елші Жалғас Әділбаев Орталық кітапхананың басшылығымен кездесу барысында екіжақты мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолында өнер арқылы халқымыздың дәстүрлері, тарихы мен әдет-ғұрыптары туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін осындай көрмелерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, отандық дипломат кітапхана қорына Моңғолияның танымал абайтанушысы Сұлтан Тәукейұлы моңғол тіліне аударған Абайдың «Қара сөздері» (Сургалалуд) кітаптарын табыстады.

Көрмеге келушілер назарына Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің еңбектері және олардың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер, сондай-ақ шетел тілдеріне аударылған Абай басылымдары ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button