Bailanys.bar сервисінің жетекшісі Владимир Фидлер қазақстандықтарды интернет сапасын тексеруге шақырды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Еске сала кетсек ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде интернет сигналының сапасын тексеретін bailanys.bar веб-сайты ашылғанын хабарлаған болатын .
Бұл сайт интернеттің әлсіз сигналын тіркеуге алады. Сайтқа кіргенде бір ғана батырма арқылы байланыс сигналын тіркеуге болады. Бұл деректер цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректер базасына келіп түседі.
Bailanys.bar геолокацияны бөлісуге, интернетке қосылу жылдамдығын тексеруге және өлшеу нәтижелерін көруге мүмкіндік береді. Елдің ең шалғай түкпірлерінің тұрғындары өнімді пайдаланып, интернет сапасына мониторинг жүргізе алады. Сервис браузерде де, Aitu мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді, оны PlayMarket және App Store дүкендерінен жүктеуге болады. Қосымшаны әзірлеушілер – BTS Digital қазақстандық цифрлық компаниясының жас мамандары.
«Біздің басты міндетіміз – интернет жылдамдығы бойынша ең төмен өңірлерді анықтау. Деректер неғұрлым көп жиналса, жағдайды түзету үшін шаралар дәлірек болады. Біз барлық қазақстандықтарды тексеруге қатысуға шақырамыз. Мұнда күрделі ештеңе жоқ, желіні бірнеше рет басу арқылы бақылауға болады», – дейді Владимир Фидлер.
Бұл Қазақстан тарихындағы интернет сапасына жүйелі тәуелсіз мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға жасалған алғашқы әрекет. Осы уақытқа дейін әртүрлі зерттеулердің біріктірілмеген деректері негізінде немесе байланыс операторларының өздері жасаған. bailanys.bar сервисі объективті деректерді пайдаланушылардан тікелей алуға мүмкіндік береді.