Қарағанды облысында 15 спорт нысаны салынады
Алдағы екі жылда Қарағанды облысында 15 ірі спорт нысаны пайда болады, қолданыстағы көше спорт алаңдарын жөндеу және орнату бойынша ауқымды науқан өтеді. Бұл туралы тікелей эфирде дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қарағанды облысында адамдарды барынша көп салауатты өмір салтына тарту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт залдары және ашық спорт алаңдары салынуда.
«Өңірде алдағы екі жылда 15 ірі спорт нысаны ашылады. Олардың қатарында Теміртаудағы ДСК, Қарағандыдағы үлкен және үстел теннисі орталықтары, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы және басқа да елді мекендерде спорт кешендер бар. Сондай-ақ, ауылдарда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Атасу кентінде бассейн, Ақтас пен Ботақарда ДСК ашу жоспарлануда», – деді Темірхан Абылаев.
Жаңа нысандар салудан басқа, өңірде бұрыннан бар нысандарды ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, Ақсу-Аюлы кентінде спорт мектебі ретке келтірілді, Қарағандыда «Қарағанды-Арена» мұз сарайында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда шатыр, жүгіру жолдары ауыстырылып, шешінетін бөлмелер мен басқа да бөлмелер ретке келтірілді. Жол картасы бойынша жөндеу жұмыстары 11 нысанды қамтыды, олардың ішінде спорт сарайы да бар. Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі және басқалар.