Қарағандыда қайырымдылық марафоны өтеді
Қарағандыда 19 қыркүйек онлайн-режимде жүгіру өтеді. Оның қатысушылары көшелерді қоқыстардан тазартуға көмектеседі және қатерлі ісікке шалдыққан қыз баланың еміне қаражат жинайды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Беги со смыслом» марафоны Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған. Бұл күні бүкіл әлем бойынша оршаған ортаға бей-жай қарамайтын адамдар планетаны таза ету үшін экологиялық акциялар мен сенбіліктерге шығады. Қарағанды да аталмыш шарадан шетте қалмайды.
Өңірде сақталып отырған карантиндік шектеулерге байланысты жүгіру онлайн-режимде өтеді. Қатысушылар өздерінің смартфондарына нәтижелерді жазатын STRAVA қосымшасын орнатуы керек.
Ұйымдастырушылар үш қашықтықты – 3, 5 немесе 10 шақырымды таңдауды ұсынды.
Жүгірушілер жол бойында қоқыс жинайды. Ол үшін қолғап пен қап алу керек.
Қатысу ақылы – ересектер үшін 1 500 теңге, балалар үшін – 500 теңге. Барлық түскен қаражат жіті миелобластикалық лейкозбен ауыратын 12 жастағы қарағандылық Софья Данконың емделуіне жұмсалады. Сүйек кемігін емдеу және трансплантациялау үшін 166 000 АҚШ долларын жинау керек.
Жүгіру аяқталғаннан кейін қосымшаның скриншотын және жиналған қоқысы бар пакеттердің фотосуреттері ұйымдастырушыларға жіберілуі керек.
Марафонның барлық қатысушылары медаль алады.
Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз: 8 701 2141077, 8 700 995599.
Тіркеу формасы келесі сілтеме бойынша қолжетімді: http://forms.gle/3kgFaV9qMhZiMAct7.