EducationБасты

Нұр-Сұлтанда «электронды мектеп» платформасы жасалды

«Елордалық электронды мектеп» платформасы жасалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚазАқпратқа сілтеме жасап.

«Бұдан бұрын да айтқанымыздай, оқу үдерісі қашықтықтан жұмыс режимінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен оқу уақытын ұтымды пайдалану нормаларының талаптарын ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақтың асинхронды форматы интернет-платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуін, соның ішінде оқушылар өзіндік жұмысы үшін мұғалімнен кері байланыс алып отырады. Мұғалім сабаққа арналған оқу тапсырмаларын интернет-платформалардың мазмұны мен мүмкіндіктерін ескере отырып жасайды. Бұған электронды оқулықтар, бейнематериалдар, шеберлікке баулу тренажерлері, білімді бақылау ресурстары және басқаларын қоса сандық білім беру ресурстары кіреді», – деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған қоса оның айтуынша, «Елордалық электронды мектеп» электрондық платформасы жасалды.

«Онда барлық деңгейлерге арналған бейне сабақтар, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, білім берудің сандық қорлары және тағы басқаралары орналастырылған. Жүйелік-әдістемелік кешенге білім берудің барлық деңгейінің мұғалімдері үшін ақысыз әрі қол жетімділік болады», – деді Шолпан Қадырова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button