Education

Елордалық оқушылар қандай платформада білім алады

Елорда оқушылары BilimLand және Daryn.online платформаларында білім алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Қашықтан оқыту форматына келер болсақ, барлық мектептерде BilimLand білім платформасын пайдалануға келісімшарт жасалды. Сонымен қатар елорданың 40 мектебінде Daryn.online платформасы қолданылады. Бағалау жүйесі өзіміздің дәстүрлі қолданып жүрген электронды күнделік журналы арқылы жүргізіледі. 30 тамыздан бастап оқушылар мен мұғалімдерге осы платформалар қолжетімді болады. Логин мен парольдары белгіленіп, таратылды», – деді ол.

Оның атап өтуінше, елорда оқушылары арасында компьютерге қажеттілік бойынша мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 34 472 компьютер сатып алуға шарт жасалған.

«Бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз қамтылады. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға компьютер міндетті түрде береміз. 20 тамыздан бастап елордалық мектептерде оқушыларға компьютерлік техника, 25-інен бастау роутерлер таратыла бастады. Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам компьютер, 13 300 роутер таратылды. Бұл жұмыс жалғасады», – деді Шолпан Қадырова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button