Басты

42 қазақстандық компания Alibaba-да сауда жасайды

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту шегінде қазақстандық компаниялардың осы алаңдарға шығуы жөнінде Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

42 қазақстандық бренд Alibabaда өкілдік етеді, тағы 3 компания витриналар дайындауда. 21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды.

Сұлтановтың айтуынша, 2022 жылдың соңына дейін Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырады: Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында шамамен 5 мың жұмыс орнын құрумен және алаңы 100 мың шаршы метр логистикалық орталықтар салынады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button