Солтүстiк Қазақстанда компьютерлер құрастырылуда
Киров атындағы зауыт 5 мың компьютердi құрастыруға кiрiстi. Жылына кәсiпорын 30 мың дана техника шығара алады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құрастыру процесiнiң барысын қадағалады.
Зауыт қытайлық кәсiпорынмен бiрлескен келiсiмге қол қойды. «Microsoft» корпорациясымен де келiсiм жасалды.
«Бұл жобаның бiзде болғаны өте маңызды. Бiрiншi кезең — компьютерлердi құрастыру. Екiншi кезең — платаларды шығару. Оған арнайы қондырғы бар. Бiз мамандарды Қытайға жiберiп, оқытамыз. Компьютерлерге сұраныс жоғары. Бiз қазiр мектептерге зауыттан шыққан 2 мың компьютердi алып жатырмыз. Көршiлес облыстар да қызығушылық танытып жатыр. Осы жобаның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылуда, салық өсуде. Тек бiрiншi партияның есебiнен зауыт бюджетке 120 млн. тг. төледi», — дедi Құмар Ақсақалов.