Басты

Түркістан өңірінде дәріханалардағы баға өсімі-әлі де басты назарда

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторинг топ мүшелері Түркістан қаласындағы бірқатар дәріханалардағы дәрілердің баға тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бақылау жұмыстары барысында дәрі- дәрі-дәрмектердің тапшылығы кездеспегені және баға тұрақтылығы қалыпты жағдайда екендігі белгілі болды.

Мониторинг барысында аталмыш жоба менеджерлері қалада орналасқан бірқатар дәріханаларға сұранысқа ие дәрілік заттардың арнайы шекті бағалары жазылған үнпарақшаларды іліп, қала тұрғындарының баға өсімін тікелей өздері бақылай алулары үшін нақты жұмыстар жүргізді.

Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарының назарына дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда, 109, 102 және Агенттіктің 1424 Call орталығына немесе +7776-837-09-00 нөміріне Whatsapp қосымшасы арқылы дәріхана атауы мен орналасқан жерін және дыбыс пен бейнематериалдарды қосымша жіберуге болатындығын хабарлаймыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button