EducationБасты

Нұр-Сұлтанда «Мектепке жол» акциясы аясында 7 мың баланы жаңа оқу жылына дайындайды

Елордада 3629 оқушы алдағы оқу жылына дайындық бойынша көмек алады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша «Менің Атамекенім» порталында бүгін елордада көмек алу үшін 3629 өтініш келіп түсті.

«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша порталда 3 629 өтінім тіркелген. Біз акция аясында жалпы сомасы 100 млн теңге болатын жеті мыңға жуық баланы көмекпен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері 4203 оқушыға киім және мектепке қажетті құрал-жабдықтар түрінде 42 млн теңгеге көмек көрсетілді. Аудан әкімдіктері 1400 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар түрінде көмек көрсететін болады. Біз бизнес өкілдеріне акцияға қолдау білдіру туралы хаттар жібердік»,- деді қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Сондай-ақ, спикер оқу процесін қашықтан оқыту форматында ұйымдастыру қалай жүріп жатқанын да айтты.

«Оқу жылы 1 қыркүйектен бастап барлық елордалық мектептерде (1-11 сынып) қашықтан оқыту форматында басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін «кезекшілік сыныптар» жұмыс істейді. Бұл жағдайда барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады», – деді қалалық білім басқармасының басшысы.

Қашықтықтан оқыту үшін мұғалімдер мен студенттер компьютерлер мен интернетпен қамтамасыз ету маңызды. Бүгінгі таңда педагогтар мен мектеп оқушыларынан осы жабдыққа деген қажеттілік анықталып, сатып алу жоспарланған.

«Міндетті түрде әлеуметтік осал отбасылардың оқушылары компьютерлермен және интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл жетім балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар»,– деп түсіндірді Шолпан Қадырова.

Жаңа оқу жылында оқулықтармен қамтамасыз ету проблемалары болмайды. Қыркүйек айына қарай мектептер 2,3 млрд теңгеге 1 408 000 дана кітап алады. Оларды жеткізу және тасымалдау кесте бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда 14 баспадан оқулықтар жеткізілді, жалпы 86% -ды құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button