Басты
1 қыркүйектен бастап Түркиямен әуе қатынасы қалпына келтіріледі
1 қыркүйектен бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы жаңартылады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия елінің Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлының айтуынша, Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы 1 қыркүйектен бастап жаңартылады.
Еске сала кетсек, 7 тамыз күні Анкарада Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесу өткізіп, онда әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелерін талқылады.
Бұған дейін, 6 тамызда түрік билігінің Air Astana компаниясына Түркияға екі апта ұшуға тыйым салғаны туралы хабарланған. Одан кейін Түркия Елшілігі Қазақстаннан әуе рейстерінің тоқтатылу себебін түсіндірді.