“102” операторы күніне 600-ден астам қоңырау қабылдайды
Биыл жылдың басынан бастап Ақтау қаласы ПБ жедел басқару орталығының “102” операторының пультіне 120 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде әртүрлі сипаттағы 15600-ден астам хабарлама тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Полиция қызметінде”102” операторларының жұмысы маңызды рөл атқарады. Бұл қызметтің басты міндеті-азаматтың хабарын жазып алу, оқиғаның қай түріне және қай аумақтық бөлімге қоңырау шалатынын дұрыс анықтау, барлық ақпаратты компьютерге арнайы бағдарламаны қолдана отырып енгізу.
“102” операторларының жұмыс күні жиыннан және таңғы нұсқаудан басталады, онда ағымдағы тәулікте Ақтау қаласының аумағында жасалған қылмыстар бойынша жедел ақпарат хабарланады. Операторларға қылмыстар мен оқиғалар туралы неғұрлым маңызды ақпарат жеткізіледі. Операторлар бұл ақпаратты жұмыс дәптерлеріне жазып, содан кейін жұмысқа кіріседі.
«Кезекші бөлімнің міндеті қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен барлық хабарламаларды қабылдау болып табылады. Содан кейін біз келіп түскен барлық қоңырауларды қылмыс жасалған аумаққа жібереміз. Егер жол-көлік оқиғасы орын алса, патрульдік қызмет батальонының қызметкерлеріне ақпарат береміз. Күн сайын “102” оператор қызметіне 600-ге жуық қоңырау түседі. Сонымен қатар, 80-90 түрлі өтініштер, ал қалған қоңыраулар ақпараттық сипатта болады, яғни азаматтар газ, төлқұжат және басқа қызметтердің телефондарын білу үшін қоңырау шалады. Бұндай ақпаратты да біз береміз», – дейді Ақтау қаласы ПБ ЖБО аға инспекторы Руслан Каултаев.
Айта кету керек, бейнебақылау камераларының көмегімен жеті ай ішінде 13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылықтың ең көп таралған түрі — жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның саны сегіз мыңнан асады. Жыл басынан бері Ақтауда кезекші тәулікте 700-ден астам қылмыс ашылды.