Басты

Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда

Елорда әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны — 1 мыңға жуық. Бүгін Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым», – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында.

Бұдан басқа, кезекте тұрған (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылдарға бағытталған дайындық жұмыстары да басталды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button