Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев билікті Нұр-Сұлтан қаласының орталық паркіндегі көне терекке айрықша мәртебе беруге және оны сақтауға шақырған астана тұрғындарын қолдап отыр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Қазақстандықтардың астана тұрғындарына белгілі 120 жылдық ерекше терек ағашын сақтау қажеттігі туралы бастамасын қолдаймын. Ол үшін барлық күшімізді салған жөн», – деп жазды М.Мырзағалиев Twitter-дегі өз парақшасында.
…Ағаштың жанына тарихы жазылған тақтайша орнатылады. Нұр-Сұлтан қаласы белсенділеріне қоршаған ортаға қамқорлық көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Сонымен қатар, тұрғындарды ерекше табиғи мұраны қорғауға шақырамын. pic.twitter.com/VjlEmaHo0A
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) July 29, 2020