EconomyБасты

YouTube арқылы үйреніп, бизнес ашқан ұстаз – Болатханұлы Дамыс

Обедке дейін мұғаліммін, обедттен бастап кешке дейін таксовать еттім…

Кешегі ұстаз, бүгінгі танымал тігінші, жас кәсіпкер Болатханұлы Дамыс Inform Media ақпараттық агентігіне қалай бизнес бастағаны жайлы айтып берді.

Кейіпкеріміз нарықтан көлігіне ұлттық нақыштағы чехол іздеп, таппай шаршағаннан кейін өзі тігіп алуға бел буады. Оған дейін тігін машинасын қолына ұстап көрмеген ұстаз қиындықтан қашпай, өз ісін бастап кеткен.

«Қажетті құралдарды алыпсатып алдым, бірақ тігу білмеймін. Бұны сылтау қылмай, әлеуметтік желі, YouTube арқылы үйрене бастадым. Өзім ойлаған чехолды 2-3 айда тігіп шығардым. Тігу әдісін дұрыс білмегендіктен қателіктерді көп жасадым, соның салдарынан қаншама материалдарды бүлдірдім», – дейді Болатханұлы Дамыс.

Десекте, бұл тәжірибе Болатханұлы Дамысқа тағы да бизнестің бір түрін ашуға септігін тигізген. Жас кәсіпкер артылып қалған былғарыдан ұлттық нақыштағы трансформер сөмкелер тіге бастады. Қазір аталмыш сөмкелерді алуға ниетті адамдардың қатары қалың.

Бүгінде өз брендімен есімі елге кеңінен таныла бастаған жас кәсіпкердің толық сұхбатын Inform Media ақпараттық агентігінің YouTube арнасынан көре аласыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button