Басты

Алаяқтар қазақстандық блогерлердің атын жамылып, ақша жымқырған

Елімізде танымал тұлғалардың атынан әрекет жасаған алаяқтарға алданған азаматтардың саны артқан. Бұл жөнінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Jana-kezen.kz хабарлайды.

Алаяқтар танымал тұлғаның суреті мен оның деректерін пайдаланып, Telegram мессенджерінде жалған аккаунттар жасайды. Бұл жалған аккаунттар олардың атынан қаржылай көмек көрсету өтінішімен хабарлама жібереді.

«Мәселен, Бейбіт Әлібековтің жалған профилін алаяқ Alibekov KZ деп көрсеткен және жақын туысының ауруханаға жатқызылғаны мен медициналық ұйымның қызметтеріне шұғыл ақы төлеу қажеттігін, ал картасында ақша жоқтығын меңзеп, банк картасына ақша аударуды сұраған.Ол қарызға алынған қаржыны бір сағаттың ішінде қайтаруға уәде береді, өйткені алаяқтардың ертегісі бойынша «оның бүкіл қолма-қол ақшасы үйде» деп мәлім етті кәсіпорын.

Бейбіт Әлібеков пен Нұрсұлтан Мағзұмов әлеуметтік желідегі өздерінің парақшасында оқырмандарына бұл ақпарат жалған екенін және олардың атынан алаяқтар әрекет ететінін хабарлады.

Сондай-ақ, алаяқтар танымал блогер Әлішер Елікбаевтың атын жоғарыда аталған схема бойынша ғана емес, жазылушылардың санын арттыру үшін әлеуметтік желідегі профиліне жазылатындардың назарын тарту мақсатында ұтыс ойынын жүргізуге пайдаланған.

Әлішер Елікбаев Telegram мессенжеріндегі ресми арнасында жазылушыларына бұл гивтерді ұйымдастырмағанын хабарлап, өзінің атынан алаяқтар әрекет ететінін ескертті.

Алынған барлық ақпарат дереу Ішкі істер министрлігіне жіберілді.

KZ-CERT қызметі алаяқтарға жем болмас үшін төменде көрсетілген сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

1. Қаржылық көмекті сұратып отырған аккаунттың ресми болуын тексеру, ал медиялық тұлғаларға қатысты жағдайларда аккаунттың верификациядан өткеніне (никнеймнін оң жағында көк қанатша) назар аударыңыз;

2. Хабарламаларды жіберушінің профилін, пайдаланушының есімін және телефон нөмірін тексеру. Профильдегі суретті жаңарту кезеңіне назар аудару, сурет жақында жүктелген болса, ойландыратын себеп бар;

3. Банктің картасына ақша аударуды жүзеге асыру алдында алушының деректерін өте мұқият тексеру, картаның нөмірі бойынша банкті анықтау сервистерін пайдалану;

4. Мына деректерді құпия ұстаңыз: банктің SMS және PUSH-хабарламаларының кодтарын, банктік картаның PIN-кодын, бақылау сұрақтарды, банктік картаның деректерін, жарамдылық мерзімі мен үшсанды кодты (CVC). Өз дербес деректеріңізді жария етпеңіз: Т.А.Ә., туған жер мен жылын, паспорттық немесе жеке куәлік деректерін;

5. Егер ақша аудару үшін қосымшаны көшіру қажет болса, смартфонға бейтаныстардың өтініші бойынша ешқандай бағдарламаларды көшірмеуді, оған қоса оларға оған қолжетімділік бермеуді ұсынамыз.

6. Егер Сіздің шотыңыздаң ақша ұрланса, банкпен хабарласып, жағдайды сипаттау (картаны бұғаттау) керек. Одан кейін ең жақын АІІБ өтініш жазып, банкке өтініштің қабылданғаны туралы талонды жіберу;

7. Егер мобильдік телефон жағалса, қосымшаны бұғаттау және картаның мобильдік нөмірмен байланысын ажырату үшін банкпен хабарласу қажет. Сонымен бірге мобильдік телефон нөмірін бұғаттау үшін шұғыл ұялы операторына жүгініп, банк бөлімшесінде картадағы соңғы операцияларды тексеру керек.

8. Яндекс.Ақша, QIWI және басқа да сыртқы сервистер тәрізді онлайн-төлем жүйелері шоттарының нөмірлеріне ақша аударудан өз-өздеріңізді тоқтатыңыз.

Егер Сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентінің құрбанына айналсаңыз, тәулік бойыістейтін 1400 нөмірі арқылы кәсіаорын мамандарына шағымдана аласыз. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button